Қар көшкіні жүреді: ШҚО-да тағы жолдар жабылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.
"Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады", - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"