"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.
Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді