Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайға Дінмұхамед Қонаев есімінің берілуі: Тұрғындар қандай пікірде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді қала тұрғындар қолдаса, бұл пікірге қосылуға дайны екенін мәлімдеген еді. Бұл туралы тілшілер қала тұрғындарының пікірін біліп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Қапшағай

"Қонаев деп ауысқаны, облыс орталығына айналатыны өте жақсы. Себебі Қапшағайдың өркендеуіне, жұмыс орындарының ашылуына оң әсерін тигізеді. Қаламыз әдемі болып, балабақшалар мен мектептер көбейсе дейміз".

"Бұл туралы бұрын да айтылған, есімде жоқ. Шамамен 10 жыл бұрын Қапшағайға Дінмұхамед Қонаевтың атын беру мәселесі көтерілген. Екінші жағынан мек қай жерде тұрамын, қайда барамын? Қонаевқа. Бір түрлі естіледі. Меніңше, қалаға біреудің есімін беру міндетті емес".



"Қапшағайға үйреніп қалдым. Адамдарға үйреншікті секілді. Біз осында өстік, бала тәрбиеледік. Сондықтан Қапшағай дұрысырақ секілді".

"Мен келісемін, әрине. Қуаныштымын. Қонаев біздің қаламызға көп еңбек сіңірді, өз үлесін қосты. Сондықтан бұған лайықты деп есептеймін".

"Қапшағайға Қонаевтың есімі берілуін толықтай қолдаймын. Жастарымыз өз ата-бабаларын, тарихын білуі керек".

"Дінмұхамед Қонаевтың есімін береді дегенді естіп қатты қуандым. Егер Президент қала атауын өзгертуді халыққа тапсырса, үлкен сеніммен айтты деп ойлаймын. Себебі халық та мұның тарихи маңызы бар екенін түсінеді".

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Алматы облысын екіге бөлуді және Қапшағай қаласының атауын өзгертуді ұсынған еді. 

Талқылау