Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы жағажайда бюджет қаржысына салынған шешінетін орындарды ақылы қылған: Халық наразылық білдірді

Әлеуметтік желіде Қонаевтағы демалыс орнында шешінетін орын үшін адамдардан ақша алған әйел мен демалушылар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Демалушылардың бірі жағажайда шешінетін орын үшін адамдардан ақша алған әйелге шүйлікті. Оның айтуынша, кәсіпкерді мемлекеттің ақшасына салынған орынды жалға беріп, ақша алып отыр деп айыптады. Ал кәсіпкер әйел оның бұл сөзін жоққа шығарды.

“Бұл орынды әкім емес, мен өз ақшама салдым. Мен әр нәрсе үшін құжат көрсетуге міндетті емеспін. Ол үшін ақша алсам өз ақшама салғандықтан аламын. Қалалық әкімдікке барып “Сендер салған шешінетін орын ба?” деп сұра. 100 теңгеге бола әңгіме айттың ғой. Мен сенің үстіңнен арыз жазамын. Балаларды да қорқыттың. Бұл менің аймағым. Мен шешінетін орынды өзім қоямын. Басқаларында да сондай. Мұны мен өзім жасап алдым”, – дейді әйел. 

Видео авторы кәсіпкерден келушілерден 100 теңге алып, оларға беретін чекті көрсетуін сұрады. Алайда ол тұтынушыға құжат көрсетуден бас тартты.

Осыған қатысты Алматы облысының әкімдігі жауап берді.

“Жасыл қала Қонаев" мекемесі №7 жағажайдағы бизнес орындарын кәсіпкерлерге жалға береді. Сәйкесінше, шешінетін орын, әжетхана кәсіпкерлерге қарайды. Шешінетін орынды ақылы еткен кәсіпкермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді”, – деп мәлімдеді әкімдікті баспасөз қызметі.

@hcjg90

 

♬ original sound - hxh
Талқылау