AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда кафеде төбелес шығарған полицейлер қызметінен қуылды

Қапшағайдағы кафелердің бірінде төбелескен үш полицей полиция қызметінен босатылды, деп хабарлады Алматы облысы ІІД.

Полиция қызметкерлері теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар топтық төбелес бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Полиция қызметкерлерінің оқиғаға қатысуы – шектен шыққан факт, сондықтан олар теріс әрекеттері себебімен ішкі істер органдарынан шығарылды. Олардың әрқайсысының кінәсі қылмыстық істі тергеу кезінде анықталады. Бақылауда ұстамаған тікелей басшылардың әрекеті қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қаралады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталды. Тәртіп сақшыларының түнгі оқиғаға қатысы көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен расталды, ол кейін әлеуметтік желілерде таралды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр