Қапшағай су қоймасы жабылды
Алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім", – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол судың суық екенін айтты.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр