Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтардағы ҰБТ-2022: Талапкерлердің 34%-ы межелік балды жинай алмады

Елімізде қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен талапкерлердің 34%-ы межелік балды жинай алмады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруға 103 886 өтініш түскен. Олардың 95%-ы 11 және 12 сынып оқушылары болса, 4 765-і – ЖОО бірінші курс студенттері, 413-і –  педагогикалық бағытқа ауысып жатқан студенттер. Тағы 327 студент – шығармашылық емес білім беру топтарына ауысатындар. 



Емелбаевтың айтуынша, бүгінгі күні тестілеуден 29 мың талапкер өткен. Олардың 78%-ы қазақ тілінде, 21%-ы орыс тілінде. Сондай-ақ 43 оқушы ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берген. Олардың 38-і тапсырған. 
Тестілеу нәтижесі бойынша, 10 мың талапкер 50 балға да жете алмаған. 34% талапкерлер белгіленген межелік малдан аса алмады, 65%-ы өтті. 5 пән бойынша орташа бал 65,14-ті құрады. Ең жоғары бал – 134. 

Талқылау