Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деп ұсталған үш баланың әкесі үйіне оралды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қолға түскен Тимур Ким тергеу изоляторынан босатылды. Оны үйінде үш бірдей баласы күтіп отырған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коллаж кантар

Тимурдің әйелі Ләйлім 2022 жылдың 9 қаңтарынан бері күйеуін босатуды сұрап, сонымен бірге оған тағылған айыптың барлығын алып тастауды талап етіп келген. Әйелдің айтуынша, бұрын айып тағылған бап қайта қараудан өткен. Қазір күйеуі үйінде, жақындарының ортасында.

"Істі бас прокуратура қарады. Тергеушілер барлық көршілерден, таныстарынан жауап алып, барлық бейнежазбаларды қарап шықты. Қай уақытта шықты, қайда болды және не істеді осының барлығын жіті тексерді. Барлығының берген түсініктері бір жерден шықты. Күйеуімнің кінәсіз екені дәлелденді. Қазіргі уақытта оның бабы ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабына ("Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу") өзгертілді", – дейді әйелі.



Бұған дейін Ләйлім Әбілдаева 9 қаңтар күні сағат 19.00 шамасында бетперде киіп, автомат ұстаған 10 шақты адам олардың үйіне басып кіріп, үш баланың көзінше әкелерін соққының астына алғанын айтқан еді. Содан кейін оны белгісіз бағытқа алып кетеді. Әйелі күйеуін тек арада бірнеше апта өткеннен кейін ғана тапқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 4-бөлігі бойынша лаңкестік жасады деген күдікпен ұстап әкеткен.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Билік 900-ге жуық адамның күдікті статусында екенін мәлімдеген.

Талқылау