AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция ғимаратын қорғауға көмектестім деген": Қолға түскен талдықорғандық тұрғынның мәйіті табылған

4 қаңтар күні таңертеңгісін Талдықорғанда 43 жастағы Алмас Мұқашев сұйытылған газ бағасының күрт өсуінен наразылықтарын білдірген жаңаөзендіктерді қолдау үшін алаңға шығады. Полицейлерге көмектесіп жүрмін деген азаматты 8 қаңтар күні бетіне маска киген құқық қорғау қызметкерлері ұстап әкеткен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм Алмас Мұқашев. Дереккөз Время басылымы.

Алмасты полицейлер бірінші рет 5 қаңтар күні ұстаған. Бірақ оның митингілерде ешқандай заңсыз әрекет жасамағаны анықталған соң, босатып жібереді. Келесі күні полицейлер қайта қоңырау шалып, бұл жолы оны басшылық құрамдағылар шақыртып алады.

Бұл күн туралы марқұм азаматтың анасы Әлия Әбдірахманова былай еске алады.

"Әлі күнге дейін көз алдымда, 6 қаңтар күні болатын. Менің ұялы телефоныма ер адам қоңырау шалып, өзін Талдықорған қалалық ІІБ бастығының орынбасары Марат Түсіпбеков деп таныстырды да телефонды ұлыма беруді сұрады. Мен солай жасадым. Олар кұдды бірін бірі ұзақ жылдар бойы танитын адамдардай сөйлесті. Содаң соң менің ұлым телефонды қойып, полицейлердің ғимараттарын басбұзарлардан қорғауға көмектесемін деді де, кетіп қалды. Содан кейін таңертеңгісін оралып, ұйықтап қалды", – дейді анасы.

Келесі күні таңертең Алмас жары Айнұр Құлтинова екеуі азық-түлік алуға шығады. "Көктем гранд" қонақ үйіне жақын жерде оларды бетперде киген арнайы жасақ құрамы қоршауға алады.

"Олар оны жерге құлатып, екі қолын артына қайырып, Алмас қарсылық танытпаса да тепкінің астына алды. Мен қорыққанымнан жылап, маска киген адамдардың ұрмауын өтіндім, алайда менің сөзімді ешкім құлаққа ілген жоқ", – дейді көз жасына ерік берген марқұмның жары Айнұр.

Ерлі-зайыптылардың ұялы телефондарын тартып алып, көліктеріне тінту жүргізген. Бірақ ешнәрсе таппайды. Соған қарамастан олар Алмасты 270AU05 мемлекеттік нөмірлі автобусқа салып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

"Келінім үйге ентіге келіп, болған оқиғаны айтып берген соң мен бірден Марат Түсіпбековке қоңырау шалып, "Менің ұлым қайда? Оны көмекке шақырған өзің емес пе?" – деп сұрадым. Ол болса маған: "Барлығы реттеледі. Ұлыңыз үйіне оралады" - деп жауап берді. Алайда ұлым сол күйі байланысқа шықпады, үйге де оралған жоқ. 9 қаңтар күні таң азанымен біз оны өзіміз іздеуге кірістік. Алдымен Талдықорған қаласының ішкі істер бөліміне, сосын Алматы облысының полиция бөліміне барып, Алматы облысы бойынша ҚМДБ-ға келдік. Бірақ барлық жерде ондай адам жоқ екенін және ұлым туралы ешнәрсе білмейтіндерін жеткізді", - деп жылап еске алады анасы Әлия Әбдірахманова.



Отбасы мүшелері үміттерін үзбей, Алмас Мұқашевті 10 мен 11 қаңтар күндері де іздеулерін жалғастырады. Жоғарыда аталған мекемелерге қайта бас сұғады, бірақ еш нәтиже болмайды. Қалалық ауруханада да ұлдары жайлы дерек болмай шығады.

"13 қаңтар күні де ішкі істер бөлімі ғимаратының алдында тұрдық, бірақ біздің алдымызға ешкім шыққан жоқ. Біз сол жерде табанымыздан тозып тұрған кезде, үйдегі келініме полиция қызметкерлері келіп, қайғылы хабарды естіртеді. Олар көңіл айтудың орнына, келінімнен видеокамера алдында жауап алады. Ұлымның 4 мен 6 қаңтар күндері қайда болғаны туралы сұрайды. Келінім болған жайдың барлығын айтып береді, бірнеше күн бойы өзіміздің Талдықорғандағы БП, ДП және ҰҚК ғимараттарынан іздегенімізді айтады", - дейді Алмастың анасы.

Жауап алу жүріп жатқан уақытта достары Алмастың денесін тауып алады. Марқұмның досы Айдын Жұмағалиев Алмастың денесінің сау жері қалмағанын еске алады.

"Оның денесінің сау тамтығы қалмаған еді. Бас сүйегі жарылып кеткен, барлық қабырғалары, қолдары мен екі аяғы сынған. Шамасы оны қатты қинаған секілді, өйткені алған соққыдан қол-аяғы көгеріп кеткен. Саусақтары да көгеріп, сынған. Білегінде кісеннен қалған көгерген белгі бар. Алмас өзін бұлай соққыға жығуға жол бермейді, сол себепті оны байлап тастағанға ұқсайды", - дейді Жұмағалиев.

Жақындарына қаншалықты қиын болса да, олар марқұм Алмастың денесін бейнежазбаға жазып алады.

"Ұлымды 8 қаңтарда "Көктем Гранд" қонақүйінің жанында ұстаған. Полиция қызметкерлері оны дені сау және есін толық білетін күйде алып кеткен, ал арада бес күн өткен соң біз оның сау жері қалмаған өлі денесін таптық. Іс жүзінде менің баламның үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ, ол ешқандай заңсыз әрекет жасамаған, ғимараттарды қирату мен тонауларға қатыспаған, қару-жарақ орындарын басып алуға да бармаған. Бұл оқиғаға дейін және бұдан кейін де ешқандай қару сақтамаған. Енді менің жауап таба алмай жүрген сұрағым: Неліктен жазықсыз ұлымды айуандықпен қинап өлтірген?" –  деп торығады марқұмның анасы.

Ұлдарын жер қойнына тапсырғаннан кейін Мұқашевтың туыстарына медициналық өлім туралы анықтама беріледі, оның бірінші бетінде өлім себебі анықталмаған деп жазылған.

Бірақ сонымен бірге сарапшы Жеңіс Әубәкіров анықтаманың екінші бетіндегі өлімнің себебіне бас миының жарақаттануы, травматикалық субдуральды қан құйылу, анықталмаған бас-ми жарақаты, яғни ауыр дене жарақаттарымен зорлық-зомбылықпен өлтіру деп көрсеткен.



"Дәрігердің неліктен мұндай анықтама бергені түсінікті, Мұқашевты ұрып-соғып, өлтіріп, жасырын түрде ауруханаға жеткізгендерді ұстап бермес үшін сараптамаға өтірік деректер жазған", - деп санайды қайғы жұтқан отбасының заңгері Қанат Қарымсақов. – Мұндай жантүршігерлік қылмысты жасағандар жауапқа тартылуы тиіс. Егер Алмас Мұқашев шынымен кінәлі болатын болса, онда адвокаттың қатысуымен ресми түрде жауап алынып, бұлтартпау шарасы заңды түрде бекітілуі керек еді. Ал олар бұлай жасаған жоқ. Демек олар оны өлер алдында заңсыз қамауға алып, заңсыз бас бостандығын шектеп, сосын өлтірген", – дейді заңгер Әубәкіров.

Жазықсық жаны қиылған Алмастың туыстары заңсыз ұстаған тәртіп сақшыларын табуды, сондай-ақ оны азаптағандар мен оларға зорлықпен өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етуде.

Сонымен бірге Алмас пен оның әйелі азық-түлік алуға мініп шыққан көліктері әлі күнге дейін табылған жоқ. Көлікті де құқық қорғау қызметкерлері мініп кеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша тергеушісі Нұрсұлтан Қуатқанов 23 қаңтар болған азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Енді оған Алмас Мұқашевтың өліміне себепкер болған дене жарақаттарын салған тәртіп сақшыларының қай бөлімшесі екенін анықтауы қажет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр