Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқайлап, таяқтарын сермеді: Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге арналған түсірілім алматылықтарды шошытты

Қаңтар айының басында Алматыда болған тәртіпсіздіктерге арналған видео түсірілім алматылықтарды шошытты. Сол маңайдан өтіп бара жатқан халық түсірілімнен хабарсыз болып, оқиға орнынан қашуға асыққан. Алматы әкімдігі бұл істің рұқсатсыз жүзеге асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған видеода бір топ адамдар қолдарына таяқ алып, жол бойымен жүгірген. Айқай-шу, атыс дауыстары естіледі. Пікір қалдырғандар сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың түсірілімнен хабарсыз болып, шошығандарын жазған. 

"Атыстың даусы шығып, көлік өртеніп жатты. Куәгерлердің есі шығып, жүргізушілер ол жерден жедел кетуге тырысты", - делінген видео түсініктемесінде. 

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, 1 ақпан күні "Cultburo" ЖШС-дан "Хабар" арнасының тапсырмасымен 13 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты түсірілім жасау туралы Алматы әкімдігі, Әуезов аудандық әкімдігі мен полиция департаментіне өтініш хат келіп түскен. 



Алайда түсірілімге рұқсат берілмеген. Соған қарамастан, "Cultburo" ЖШС 20 қаңтар күні түсірілім жұмыстарын жүргізген. 

"Қоғамдық даму басқармасының мамандары аталған хабарлама бойынша авторлармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түсірілім жасауға болмайтынын айтқан. Полиция департаменті де рұқсат бермеген", - делінген әкімдік хабарламасында.
 

Талқылау