Алматы облысында жігіт жеке үйді есірткі лабораториясына айналдырған
Ішкі істер министрлігі жеке үй сатып алып, есірткі өндірумен айналысқан жігітті ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының Қарасай ауданында жұмыс істейтін жасырын есірткі зертханасын бұзды. 29 жастағы азаматтың жеке үй сатып алып, оны синтетикалық есірткілерді заңсыз өндіру үшін жабдықтағаны анықталды.
Жабдықтар мен химиялық реагенттерді интернет арқылы сатыпты. Тінту кезінде 28 килограмнан астам α-PVP, 880 литр прекурсорлар және мамандандырылған зертханалық жабдықтар тәркіленді.
"Дайын синтетикалық есірткі өндірілген алғашқы партия болды, бұл шамамен 125 000 бір реттік дозаға тең. Бірде-бір грамм немесе доза заңсыз айналымға түспеді, бұл мыңдаған адамның денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруіне жол бермеді. Алматы облысындағы синтетикалық есірткі жеткізу орталығы іс жүзінде жабылды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
Қыркүйекте доллар құны қалай өзгереді – Сарапшылар қаржы нарығына болжам жасады
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай доллардың алдағы уақытта жағдайы бойынша пікір білдірді.
