АҚШ-та ұшақ апатынан 11 парашютші мен ұшқыш қаза тапты
АҚШ-тың Миссури штатында болған ұшақ апаты салдарынан борттағы 12 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең болған. Жеке ұшақ Батлер мемориал әуежайынан ұшып шығып, әуеде белгісіз себептермен бағытын өзгертіп, Канзас-Сити қаласынан шамамен 65 миль оңтүстікте орналасқан әуе айлағы маңына құлаған.
Апаттан кейін ұшақ бірден өртеніп кеткен. Алайда оқиға орнына жеткен жедел қызмет өкілдері ұшақ құлағаннан кейін көп ұзамай өртті сөндіре алған.
Қаза тапқан 12 адамның 11-і парашютшілер, ал тағы біреуі – ұшақтың ұшқышы екені белгілі болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың көбі алғаш рет парашютпен секіруге дайындалып жатқан. Олар тандемдік секіруге дайындалған.
Кейбір қаза тапқандардың туыстары сол кезде әуежайда болған және ұшақ құлаған сәтін өз көздерімен көрген.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
