Қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан барлық бейбіт тұрғындардың несиелері кешіріледі
Қазақстандағы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың барлығының несиелері кешіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді.

Департамент басшысы нұсқауларға сәйкес тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің де несиелері есептен шығарылатынын еске салды.
"Дәл осындай жұмыстарды агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың тізімдері бойынша жүргізеді. Қазіргі таңда бұл жұмыс іске асуда", – деді Терентьев.
- Қазақстанда несие беру шарттары қатаңдатылады
- "Қорқамын, болашағым бұлыңғыр”: Психологтар тәртіпсіздіктерден кейінгі қорқынышты қалай жеңуге болатынын айтты
Агенттік департаментінің басшысы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтар несиелер мен шағын несиелердің барлық түрі бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға болатынын айтты.
Кешіктіріп төлеу барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш ай көлемінде беріледі. Сондай-ақ кешіктіріп төлеу мерзімін жеке негізде де ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі