Қаңтар оқиғасына байланысты 700 адамға қатысты үкім шықты
Қаңтар оқиғасын тергеу нәтижесінде 500-ге жуық қылмыстық іс сотқа жолданып, 700 адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың жаппай тәртіпсіздіктерге, ұрлыққа, тонауға қатысқаны, қару ұстағаны дәлелденді. Бас прокуратура бірінші жартыжылдықтың жұмысы қорытындылады.
Департамент мыңнан астам адамның қылмыстық қудалаудан босатылғанын, ал 15-і ақталғанын атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша сегіз мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 15 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған