AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына байланысты 152 адам сотталды - Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы бойынша неше адамның сотталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кантар полиция

"Қайғылы қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлар басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтар айналысып жатыр. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44 терроризм актісі, жаппай тәртіпсіздік бойынша 47 іс қозғалған. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойныша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Оның 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеу үстінде. Оның басым көпшілігі ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

Сондай-ақ Бас прокуратура өкілі қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін істер сотқа бірден жолданып жатқанын атап өтті.

"Осы қылмыстар үшін 152 адам сотталды", – деді Елдос Қилымжанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр