Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау ісі бойынша ҰҚҚ 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты
Алматыда ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұма күні тараған ақпаратқа сүйенсек, сот 11 адамның біреуін ақтап, біреуіне 5 жыл түрме жазасын берді. Үш адам шартты жаза алған.
Сот үкіміне журналистер қатыстырылмаған. Соттың прокурор сұраған жазадан да жеңіл жаза бергені айтылады.
- Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қызды атып өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер сотта ақталып шықты
- "Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі": Адвокат айыпталушыларды толықтай ақтауды сұрады
Адвокат Гүлнар Жуаспаева соттың мұндай шешім шығарғанына наразы. Ол Қаңтар кезінде азаптау ісі бойынша 10-нан астам жәбірленушінің мүдделерін қорғаған. Оның айтуынша, қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімді ашық режимде жариялауды көздейді.
Бұл іс бойынша 54 жәбірленуші деп танылған және бір адам қаза тапқан – Ербол Өтепбаев.
Бұған дейін прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК-нің 11 қызметкерін үш жылдан бес жылға дейін түрмеге жабуды сұраған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"
