Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қызды атып өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер сотта ақталып шықты

Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды ақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден алынды

Бұл іс бойынша сот шілде айында басталып, жабық есік жағдайында өткен. Судья үкімді жариялаған кезде сот залында сот күзетшілері мен тыңдаушылар арасында қақтығыс орын алды.

Айта кетейік, айыптаушы тарап соттан Арман Жұманды жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Судьяның шешімінен кейін жәбірленуші тараптың адвокаты Жанғазы Күнсеркин апелляциялық шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сотта келтірілген барлық дәлелдерге қарамастан үкім шығарылған. Ол үкімді жариялаған кезде судьяның ақтау себебін түсіндірмегенін баса айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде басына оқ тиіп, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне байланысты сотта прокурор айыпталушы әскери қызметкерді 7 жылға соттауды сұраған болатын. Сондай-ақ, бұған дейін Айкөркемнің әкесі Айдос Меделханның өз қызының өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырыстарына қатыса алмай жүргені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау