Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда оққа ұшқан төрт жасар Айкөркемнің ісі: Прокурор айыпталушыны 7 жылға соттауды сұрады

Қаңтар оқиғасы кезінде басына оқ тиіп, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне байланысты сотта прокурор айыпталушыны 7 жылға соттауды сұрады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 қарашада Алматы гарнизоны әскери сотында бұл іс бойынша жарыссөз өткен. Бұл іс бойынша Арман Жұман есімді әскери қызметкер айыпталып отыр. Оған Қылмыстық кодекстің 451-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қару қолданып, өкілеттігін асыра пайдалану" деген айып тағылған.

Алайда күдіктінің қорғаушысы соттан оны толық ақтауды талап еткен.

Бұған дейін жәбірленуші жақ сот процесінің өту барысына наразы болған. Олар біріншіден, бұл істе бір емес, бірнеше айыпталушы болуға тиіс деп санайды. Екіншіден, оларға "Билік өкілетін асыра пайдалану" емес, "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылуы тиіс деген.

Бұған дейін істе "мемлекеттік құпия" мәліметтер бары айтылып, судья сотты жабық еткен еді. Бұған жәбірленуші жақ қарсы болған.



Жақында Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеген еді. 

Айдостың айтуынша, шабуыл жасаған азаматпен бір аулада тұрады тұрады, оның аты Марлен. Ол Мелдеханға қызын есіне түсіріп, арандата бастаған, сосын оны ұрып “өлтіремін” деп қорқытқан. Айдос Мелдехан полицияға арыз жазғанымен, оның айтуынша, тәртіп сақшылары арызды елемеген.

Еске салайық, төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Балалардың әкесі бұған дейін көліктен әскери оқ тапқанын хабарлаған.

Талқылау