"Қан тамырлары жарылып кетеді": Дәрігер түшкіруді тежеудің қаупін айтты
Түшкіргенде қатты дауыс шығару әдепсіздікке жатады. Бірақ дәрігерлер түшкірікті мүлдем тежеп тастауға да болмайтынын, оның денсаулыққа зиян екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
pixabay.com
Мамандардың айтуынша, түшкірікті тежегенде құлақтағы дабыл жарғағы, көздегі қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін. Салдарынан мұрыннан қан кетеді, мұрын қуысы зақымданады, сондай-ақ жиі бас ауруына әкеледі.
“Тыныс жолдарындағы жоғары қысым адам өміріне қауіпті ми аневризмасының жарылуына әкелуі мүмкін”, – дейді сарапшы.
Дұрыс түшкіру үшін орамал мен бір рет қолдануға арналған майлықтарды пайданғаныңыз жөн. Сарапшылар қолданған соң майлықты лақтырып, міндетті түрде қолды сабынмен жууға кеңес береді.
Бұған дейін маман “Еттен кейін Coca-Cola ішу дұрыс па?” деген сауалға жауап берген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар