Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаншама адам отшашудан күйді": Сара Тоқтамысова жаңа жылда оқыс оқиғаға тап болмауға кеңес берді

Танымал айтыскер ақын жаңа жылда отшашу атып, ысырап ететін адамдарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sarkanai/

Сондай-ақ кез келген дүниеге сеніп, түрлі дүние сатып алатындарға да кеңес берді. 

“Ысырап ырысты қашырады. Байқаңыздар! Не нәрсе болса да шеттен шықпауға тырысыңыздар! Тіпті, жаңа жылда осы киноны көру керек немесе мына тасты алмаса бақыт келмейді деп сенуге болмайды. Әр нәрсеге сеніп, иманымыз әлсіреп кетпесін. Әсіресе, осы отшашу дегенді атпау керек. Дым пайдасы жоқ. Қаншама адам осыдан күйді. Сонда да қоймаймыз. Бала-шағаға эмоция болсын дейтіндер бар. Бір елде тарсылдаған дауыстан қаншама бала қорқып отыр. Мүлгіген тыныштықты аңсап келеді. Сондықтан балаға олай эмоция сыйламай-ақ қояйық”, – деді айтыскер ақын. 



Айта кетейік, құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында отшашу ататындарға 74 мың теңге айыппұл төлейтінін ескерткен еді. 

“Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысты қазір 196-бап бойынша 46 әкімшілік іс қозғалды. Бұл рейдтік іс-шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын Жаңа жыл мерекелері қарсаңында өткізіледі. Жалпы, жасөспірімдер мен балаларға пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау