Канело мен Ковалевтің жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады
Сенбі, 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында бокс кеші өтеді, оның басты оқиғасы орта салмақта WBC және WBA чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен WBO жеңіл салмақтағы ресейлік Сергей Ковалев арасындағы жекпе-жек болады.

Ресейлік спортшының титулына қауіп төніп тұр, ал «Канело» төртінші салмақ дәрежесін бағындыруға тырысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бокс кешінде қазақстандық жеңілмеген Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсетеді. WBC нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы атағы үшін оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болады.
Қазақстанда бокс кеші Альварес - Ковалевты Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақытымен шоу 3 қараша, жексенбі күні таңертең көрсетіледі. Qazsport-та хабар тарату сағат 06:25-те, ал Qazaqstan-да - 07: 00-де басталады.
"Қазақстанның масқарасын шығарды": Желі қолданушылары Қанат Ислам жеңісті "сатып алды" деп сынады >>>
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар