"Канело" әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін айқаста отандасын жеңді
Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (60-2-2, 39 КО) отандасы Хайме Мунгияны (43-0, 34 КО) жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: IzquierdazoBox
Жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегас қаласында өтті. Мексикалық қос боксшы екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы мен WBC, WBA, IBF, WBO және The Ring белбеулерін сарапқа салды.
Айқастың алғашқы раундтарында Хайме Мунгияны басымдық танытқанымен, 4-раундта "Канелоның" дәл тиген апперкотынан кейін нокдаунға түсті. Дегенмен келесі раунд тең өтті.
9-раундтан бастап Мунгияны белсенді болғанымен, төрешілер шешімімен Сауль Альвареске есе жіберді.
Жекпе-жек соңында төрешілер шешімі келесідей болды: 117-110, 116-111, 115-112
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

