Алты адамның ішінде жалғыз аман қалған: Пәтердегі қанды кеште не болғанын бойжеткен айтып берді
Екатеринбургтағы қанды кеште аман қалған жалғыз бойжеткен сол түнде жағдай қалай болғанын айтып берді. Қанды отырыс биыл 7 қарашада болған. Пәтерде үш қыз бен үш ер адам болған, деп хабарлайды "КП-Екатеринбург"-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың арасында 34 жастағы пәтер иесі Дмитрий, оның достары 36 жастағы Олег және 32 жастағы Антон, 18 жастағы Полина, 17 жастағы Виктория және 16 жастағы Мария болды.
Қыздар интернетте бір күн бұрын жігіттермен танысқан. Полина Василий Ковалевпен "Вписки Екатеринбурга" тобында хабарлама жазысқан (кейінірек белгілі болғандай Дмитрий осы топта болған).
"2-3 қызды кешке демалысқа шақырамыз. Адекватпыз. Жақсы демалыс үшін бәрі бар", - деп жазды өзін Василий деп таныстырған жігіт.
Белгілі болғандай, 6 қараша сағат 22.30-да қыздар "Радуга-Парк" сауда үйінің жанында кездесуге келіскен. Жігіттер Дмитрийдің көлігімен келген.
Сағат 23.00-де барлығы Дмитрийдің үйіне кірген. 7 қараша сағат түнгі 01.00-де әңгіме қанды шайқасқа айналады.
Дмитрий аңшылыққа арналған "Сайга" қаруымен қонақтарына оқ жаудырған. Антон, Олег, Полина көз жұмып, Виктория ішінен ауыр жарақат алады. Содан кейін Дмитрий өзін-өзі өлтіреді. Жалғыз аман қалған оқиға куәгері 16 жастағы Мария.
Сағат 02.34-те қыздардың бірі жаралы Виктория, полицияға хабарласады.
Сағат таңғы 05.00-ке таман полиция пәтерге кіреді. Осы уақыт бойы Мария Антонның денесінің астында Полинаның мәйітінің қасында жатқан.
"Біз пәтерге келдік. Мәдениетті отырыс болды. Біз ішпедік. Мұндай ештеңе болған жоқ. Бір сәтте менің досым Полина мен Антон үшеуіміз бір бөлмеге кіріп кеттік. Виктория мен Олег ас үйде қалды. Дмитрий өз бөлмесіне кетті, содан кейін ол жерден автоматпен оралды (Сайга карабині). Ол: "ойнайық" деді, содан кейін оқ жаудырды.
- "Қабан" деп атып тастаған: Польшада көз жұмған қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды
- Туған күнін моншада атап өтпек болған блогер әйелдің күйеуі мен екі қонағы көз жұмды
Алдымен Полинаның басынан, содан кейін Антонға оқ атты. Кейін ол маған атты, бірақ Антон құлап, мені жауып қалды. Содан кейін ол ас үйге кетті, мен екі оқ атылғанын естідім. Мен оның Викторияға және Олегке оқ атқанын түсіндім. Осы кезде мен дыбыстарды естідім, Виктория есікке қарай еңбектеді. Содан кейін біз полиция шақырдық. Полиция ұзақ уақыт бойы есікті аша алмады, өйткені бұл жеке кеңістікке бұзып кіру деп саналады. Есік таңғы бесте ашылды", - дейді аман қалған Мария.
Айтуынша, Дмитрий өте тұйық адам сияқты көрінді. Себебі оңашаланып жүрген.
"Қалжыңдары өтімсіз болып отырды. Қандай да бір бопсалау, қорқыту болмаған. Тек өзінің ойын ойнағанды жақсы көретінін "Дота" ойнайтынын айтты".
Оқ тиіп жараланған Виктория қазір жансақтау бөлімінде.