Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабан" деп атып тастаған: Польшада көз жұмған қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Польшалық БАҚ 16 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dziennik Wschodni басылымына сілтеме беріп хабарлайды.

Қайғылы жағдай 1 қарашада студенттер Ключковица интернатында болды. Олар ЖОО-дан 200 метрде орналасқан мектеп ауласына шыққан. 

"Балалардың айтуынша, олар жақындап келе жатқан көліктің дыбысын естіп, ағаштардың арасына тығылып қалған. Көлік тоқтап, есік ашылған. Содан кейін оқ атылған. Достары айқайлаған кезде, мерген ізін суытып үлгерген. Бозбаланы интернатқа жеткізіп, жедел жәрдем шақырғанша, ол жан тәсілім еткен, - дейді басылым.

Полиция бастапқыда 16 жастағы жасөспірімді  аңшы жануар деп ойлап қалған деген болжам жасады. Алайда жексенбіде мектеп аймағында аң аулау туралы ресми хабарлама болмаған.

Оқиға болған күннен соң бір тәулік өткен соң олар отставкадағы полиция қызметкері 51 жастағы Дариуш Ч. есімді ер адамды ұстады. Сондай-ақ, 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және өрт сөндірушіні де қамауға алды.

Бұрынғы полиция қызметкері үш айға қамауға алынды, қылмыс үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті жасөспірімді "қабан" деп қабылдағанын айтты.

Оқ атқан адамның досына кәмелетке толмаған адамға көмек көрсетпеді деген айып тағылды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау