Қанат Ислам WBO International чемпиондық белбеуінен айырылды
Орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBO International чемпиондық белбеуінен айырылды. Сонымен қатар боксшының келесі жекпе-жегі жайлы деректер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

BoxRec.com сайтының дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта белбеудің иесі анықталмаған. Қанат Ислам аталмыш белбеуді 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген соң иеленген. Бұдан кейін Қанат тек бір ғана кездесу өткізді. Ол биылғы жылдың ақпанында эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) нокаутқа түсірген.
Болжам бойынша Бүкіләлемдік бокс ұйымы белбеуді ұзақ уақыт жекпе-жек өтпегендіктен және чемпиондық атақты қорғамағандықтан қайтарып алған.
Алдын ала деректер бойынша қазақстандық боксшының келесі кездесуі АҚШ-тың Флорида штатында, Плант-Ситиде 21 қаңтарда өтеді. Әзірге қарсыласының есімі аталмады.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды