Қанат Ислам АҚШ, Колумбия және Мексикада жекпе-жек өткізуге ұсыныс алды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 KO) карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін өз жекпе-жегін қайда өткізуге болатыны туралы білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қазақстандық Окснардта (Калифорния) өзінің ескі тәлімгері Роджер Романың басшылығымен жаттығуда.
Дереккөздің хабарлауынша, Исламға АҚШ, Колумбия немесе Мексикада жекпе-жек өткізу туралы ұсыныстар түскен.
Еске сала кетейік, Қанат ақпан айында Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өткен соңғы жекпе-жекте британдық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілердің шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) жеңілген еді. Кездесуде орта салмақтағы WBO Global атағы сарапқа салынған болатын. Бұл жеңіліс оның мансабындағы алғашқысы.
Сол кездесуден кейін Қанаттың қарсыласы бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Джайме Мунгиямен (40-0, 32 KO) кездесіп, бесінші раундта нокаутқа түсті.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

