Қамшыбек жеңілді: Қазақстан қатарынан екінші рет Азия ойындарында бокстан алтын ала алмады
Қамшыбек Құнқабаев Азия ойындарында өзбекстандық Баходир Жалоловқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова құрлық біріншілігіндегі өнерін күміс медальмен аяқтаған болатын. Осылайша Қазақстан екінші рет Азия ойындарында бокстан алтынсыз қалды.
Бұл Құнқабаевтың Жалоловтан қатарынан бесінші жеңілісі. Жеке кездесулерде 6:3 есебімен Өзбекстан боксшысының пайдасына шешілді. Қамшыбек соңғы рет 2017 жылғы әлем чемпионатында Жалоловты жеңген болатын.
Бұл Құнқабаевтың мансабындағы алғашқы Азия ойындары. Ал күміс жүлде Азия ойындарындағы алғашқы медаль. Қамшыбек әзірге 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия жеңіп алған жалғыз қазақ боксшысы.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар