Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камила: Мен Мағжанға өзім ғашық болып қалдым, бірақ сезімімді білдірген жоқпын

Қазақстандық блогер, қалаулымдық Камила жолдасымен танысқан соң өзі ғашық болғанын мойындады. Сүйіктісі ұзату тойы өтпестен қалыңдығын алып қашқан. Бастапқыда шоктық күйде болған ару бүгінде бақытты ана. 

Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтылды. 

"Қалаулым" арқылы танылған Камила миллионер атанған блогер. Кәсіпкер Мағжан екеуі бақытты ата-ана. Бірлесіп бизнесін дамытып, желіде белсенділігін арттырып жүр. Камила Мағжанға алғаш болып өзі ғашық болған. Сезімін мойындамағанымен "сүйіктім сөз салған күні менен бақытты адам болған жоқ" дейді ол. 

"Бастапқыда Мағжан екеуміз тек бизнес үшін сөйлестік. Бір-бірімізді қолдау үшін, көмектесу үшін, бизнесімізді жүргізу үшін керек болдық. Бірақ күн өте келе мен оған бауыр баса бастадым. Ол кейбір жігіттер секілді көзің әдемі, шашың әдемі деп отырмайды. Тік мінезді. Сезімін білдірмейді. Сезімге тез елітпейді. Менде оған деген сезім болды. Бірақ қыз басыммен білдіргім келмеді. Ғашықтар күнінде маған сөз салды. Сонда менен асқан бақытты адам болған жоқ", - деді Камила. 



Айтуынша, Мағжанға да, Камиланың да сезімінен сезіктеніп, күмәнданғандары саны көп болған. 

"Маған Камиланы пайдаланып жүрсің дегендер көп болды. Өз бизнесің үшін пайданалып жүрсің дегендер болды. Мен оларға ешнәрсе дәлелдегім келмеді. Бастапқыда сөз салдым. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс айттым. Жаз айында үйлендік. Сол кезде ғана бізге сеніммен қараған шығар", - деді Мағжан. 

Мағжан Камиланы алып қашқанын айтады. Камила үшін бұл шоктық жағдай еді. Себебі, өзін келісімсіз алып қашып, ақ келін атанған екен. 

"Мен ұзату той жасаймын деп дайындалдым. Бәрін дайындап, қонақтарды шақырып қойған едім. Алайда мені алып қашып кетті. Шымкентке тойға барамыз деп алдады. Бір күнде келін болдым. Шок алып қалдым. Бәрі артта қалды ғой. Туыстарым ренжіген еді. Бірақ мен бақыттымын. Ешнәрсе үшін ренжімеймін", - деді Камила. 

Камила мен Мағжанның тойына 800-дей адам келген. Тіпті, шақырылмаған желі қолданушылары той қонақтары болған. 

"Біз шақыру билетімізді желіге жүктегенде мекенжайы көрініп қалған екен. Содан желідегі оқырмандарымыз тойға келген. Ешкім оларды танымайды. Туысқандармыз деп отырып алған. 500 деп шақырған адамымыз 800 адам болып кетті. Алматыдан келген қонақтар сыймай, ренжіп кетті. Оқырмандарымыз менің мамамның әріптестеріміз деп өтірік айтқан. Кейіннен бір-екі шақырылмаған қонақтарды шығарып жібердік. Сондай қызықтар болды", - деді Мағжан. 

Мағжан бала күнінен келіншегін алып қашуды армандаған екен. Сондықтан ұзатылуға дайын отырған қызды еркінсіз алып қашқанын айтады. Бастысы, бір-бірімізді сүйіп тұрсақ сол маңызды дейді ол. 

Талқылау