AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалаулымдық Камила: Үш айда желі арқылы 45 миллион теңге таптым

Қалаулымдық Камила әлеуметтік желі арқылы 3 айда 45 миллион теңге тапқанын айтты. Өз қалтасына соның 28 миллион теңгесі түскен. Блогер мұндай жетістікке қалай жеткенін түсіндірді.  

"Кәсіптегі нәсібің" бағдарламасының шығарылымында кәсіпкер-блогер жұп Аймахан Мағжан және Камила Әділхан сұхбат берді.

Камила отандық "Калаулым" бағдарамасы арқылы көз таныс. Кейін кәсіпкер Мағжан Аймаханға тұрмысқа шығып, кәсібін дөңгелетті. Ана атанды. Желіде белсенді. Блогерлікті қолға алып, сол арқылы ақша тауып отыр. 

Камиланың желіде өз оқырманы бар. Өзінің айтуынша, желідегі жарнамадан қомақты қаражат табады. Себебі оқырманы көп. Соңғы үш айда курс жүргізуші арқылы 45 млн теңге тапқан. Оның ішінде 28 миллион теңге пайдасы таза өз қалтасына түсіпті.

"Мен үш ай курс жүргіздім. Содан 45 миллион теңге таптым. Оның 28 миллион теңгесі өз қалтама түсті. Менің бір жазбам 1 миллион теңге тұрады. Сториске 500 мың теңгеге жарнама жасаймын. Мен жастарға блогер болуға кеңес бермеймін, бірақ қолда бар нәрсені пайдалануға кеңес берер едім. Мәселен, қандай кәсіп иесі болсаңыз да желі арқылы сол істі жандандырыңыз. Оқырман жинаңыз. Бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Кәсіпкер болсаңыз, жарнама жасаңыз дер едім. Ол үшін міндетті түрде блогер болудың керегі жоқ", - дейді Камила.



Айтуынша, Камила тұрмыс құрған сәттен бастап табысы екі есе артыпты. Осы орайда анасына жаңа үй алып берген екен. Бұл өз қаражатынан алынған үй. 

"Мағжан өз ақшасына әкесіне көлік алып берді. Мен анама үй алып бердім. Неге ақшаны өзімізге ғана жұмсамаймыз деген түсінік жоқ. Қазір үй салып жатырмыз", - деді Камила. 

Мағжан Аймаханның екі-үш кәсібі, Алматы мен Шымкент қаласында табыс көздері бар. 

"Маған Қалаулым ешқандай пайда берген жоқ. Бірақ Камиламен үйленгелі бері табысым артқаны өтірік емес. Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды" деген осыдан болса керек", - деді кәсіпкер жігіт. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр