Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Камера алдында мойындаған болатын": Қазақстан қырғызстандық әншіні босатты

Қырғызстан азаматы – музыкант Викрам Рузахунов елдегі террорлық әрекетке қатысқаны үшін тұтқындалып, тергеу кезінде қылмысқа қатысы бар екенін мойныдаған болатын. Алайда Қырғызстан Республикасы араша түсіп, әнші қамаудан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Қамчыбек Ташиев уәде бергеніндей, өз елінің азаматын қамаудан құтқарған.

“Ол – өте тәртіпті адам. Біз барлық арналарды қарап шықтық. Ол ешқандай да тәртіпсіздікке қатысқан жоқ. Қазақстандық мемлекеттік арнаның таратқан ақпараты жалған. Көршілерімізге тергеу тәсілін өзгерту керек. Біздің елдің азаматыН террорлық қылмыс жасады деп айыптауы дұрыс емес”, – деді Ташиев.

9 қаңтар күні отандық Qazaqstan ұлттық арнасында Викрам өз аузынан Қазақстанға Қырғызстаннан митингке қатысу үшін келгенін айтқан видео көрсетілген болатын.

Ол бейнематериалда тұтқынның есімі аталмаса да, қырғызстандықтар оның пианист, танымал джаз музыканты Викрам Рузахунов екенін таныған. Қырғызстанда қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалады.

Талқылау