Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамалғанда жанында болдым": Асаба Руслан Ысқақ Әбдіжаппар Әлқожаның қалай ұсталғанын айтып берді

Жол ережесіне бағынбай 10 тәулікке қамалған Әбдіжаппар Әлқожаның ісі қалай болғанын асаба Руслан Ысқақ баяндап берді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі Анна Данченкоға берген сұхбатында әншінің қамалған кезін көзбен көргенін айтты. 

“Әбдіжаппар досымды ойлап, қатты қынжыламын. Басындағы жағдайы жүрегіме батады. Бүгін туған күнімде аздап көңілсіздеу болып тұрғанымның себебі де – жақын достарым жанымда жоқтығы. Алайда жары келеді. Достарымсыз бір бүйрегімсіз, бауырымсыз қалғандай күйдемін. Алла жеңілдігін берсін!”, – деді асаба. 



Әнші ұсталғанда асаба да жанында бірге келе жатқан. Бірақ істің мән-жайы толық тергелмейінше, ашып айтқысы келмеді. Арандатушылық әрекеттер болғанын жасырмады. 

“Әбдіжаппарды қамауға алғанда мен қасында болдым. Арандатушылық іс-әрекетті байқадым. Бірақ оның артын қазбалап айтқымыз келмейді. Біреуге немесе біреулерге жеккөрінішті боламыз. Жабулы қазанның қақпағы жабулы қалсын деп айтайын. Сабырлы болсын, Әбдіжаппар. Өзіне сабақ алды. Болашақта кімнің кім екенін және қоғамда қалай жүру керек екенін өзі үшін сабақ етіп алды деп ойлаймын. "Дос жылатып айтады" ғой енді, алдағы уақытта шыққаннан кейін ақыл кеңесімізді айтамыз", – деді шоумен.

Еске салайық, мәдениет және ақпарат министрі Балаева өнер адамдарының қамауға алынуына қатысты пікір білдіргенін жазған едік. 

Талқылау