Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалтаңызды бір қарай салыңызшы": Танымал журналист Біртановты сынға алды

Танымал журналист Аман Тасығанның экс-министр Біртановқа айтар уәжі бар. Журналистің сөзінше, еліміздегі коронавируспен күресті жарнамалау үшін бөлінген 600 миллион діттеген жеріне жетпеген. Бұл туралы Аман Тасыған желдегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бір ай бұрын Біртановтан сұхбат алған Аман Тасыған аурухананы түсіруге барғаны үшін бақыр тиын да алмағанын жеткізді. 

"Елжан мырза, осы уақытқа дейін өзіңізді елжанды азамат деп ойлап едім. Індетпен күресті жарнамалау үшін БАҚ-қа бөлінген мына қаражатты көріп, шок алып отырмын. Бір ай бұрын, сіздің рұқсатыңызбен, індетпен ауырып жатқандарды ауруханада арнайы түсіріп, өзіңізден сұхбат алдым. Алайда, жатар орын тұрмақ, Астанаға барып-қайтатын билетке де денсаулық сақтау министрлігінен ақша бөлінген жоқ, қалтамдағы қаражатты жұмсадым", - деген ол бөліген қаражатты бөлшектеп көрсетті. 

"Ел үшін жасаған қызметімді ешқашан бұлдаған емеспін, бірақ бөлінген қаншама қаражатты:
(SUCCESS K LLP Жобаны бұқаралық ақпарат құралдарымен және PR қолдауымен ұйымдастыру - KZT 696,699,940.00
▪FIYRMA 800, Киев, Украина - ▪ Әлеуметтік желілерде коммуникациялық науқан өткізу - USD 209,800.00
▪Караван газеті - KZT 7,350,000.00
▪Tengrinews.kz - KZT 17,709,600.00
▪1Kanal Eurasia - KZT 83,305,494.84
▪Talk show - KZT 49,800,000.00) көргенде, қаның қараяды екен. БАҚ-қа жарнама үшін бөлінген 600 млн астам теңгемен төрт ай емес, төрт жыл тоқтамай жарнама жасауға болар ма еді?!" - дейді журналист. 

"Сосын, Украина әлеуметтік желілерінде Қазақстанның короновируспен күресін жарнамалау кім үшін әлде не керек болды?! “Talk show” деген менің бағдарламам емес шығар, әйтпесе, 50 млн-ды көріп, есім шығып отыр. Аға, шынымен, қаражат қайда кетті? Қалтаңызды бір қарай салыңызшы!", - деп Аман Тасыған кесіп айтты. 

Талқылау