“Ақшаға онлайн бата береді”: Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова ақтөбелік “TikTok-емшіні” тексеруді талап етті

Блогер әрі тележүргізуші Динара Сәтжан актөбелік Бағдагүл есімді емшінің өзіне қатысты сөздерінен кейін полицияға жүгінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанжал Бағдагүл есімді емшінің Ақтөбеде өткен іс-шараны сынға алуынан басталған. Ол іс-шарада Дианара Сәтжан жеке брендті дамыту тақырыбында мастер-класс өткізген. Емші жергілікті шенеуніктер халық қаражатын жеке тұлғаның іс-шарасына жұмсады деп айыптаған.
Ал Динара Сәтжан бұл айыптауларды жоққа шығары. Оның айтуынша, ол мемлекеттен ешқандай қаражат алмаған және мемлекеттік тендерлерге қатыспаған.
“Менің мемлекеттен бір тиын да алмағаным, ешқандай мемлекеттік тендерлерге қатыспағанымды оп- оңай дәлелдеуге болады. Барлығы ашық ақпарат көздерінде тұр”, – деп жазды Сәтжан.
Тележүргізушінің айтуынша, Бағдагүлдің бір мәлімдемесінде өзін балағаттаған. Динара Сәтжан мұны көпшілік алдында қорлау ретінде бағалап, бұл жағдайға құқықтық баға беруді талап ететінін мәлімдеді.
Сәтжанның сөзінше, Ақтөбе облысының полиция департаментіне арыз жолданған.
Сондай-ақ Динара Сәтжан мен оның адвокаты Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаментіне жүгінуді жоспарлап отыр. Олар Бағдагүлдің қызметін, ақылы бата беруден түскен қаражат қайда түсетіні, салық төлене ме, адамдарды емдеуге лицензиясы бар-жоғы, қызметтерінің патенттелген-патенттелмегені және қабылдау кезінде БАД-тарды сатуға құқығы бар-жоғын тексеруді талап етпек.
“Ақылы батаның” ақшасы қайда түседі? “Каспиіне” ме? Әлде күйеуі мен ұлының шоттарына ма? Ол салық төлей ме? Адам емдеуге лицензиясы бар ма? Ақылы бата беріп, сынық салып, киелі заттар сатып, адам емдеп, бірнеше бизнес ашып, бірнеше мүліктерді, көліктерді туған-туысқандарына сыйға тартатындай ол батаның ақысы қандай? Соншалықты батадан миллиондаған ақша табуға бола ма?”, – деп жазды Сәтжан.
Продюсер Баян Алагөзова Динара Сәтжанды қолдап, жазба жариялады. Ол интернет-емшінің ұзақ уақыт бойы тікелей эфирлерде өзін қорлауға және жала жабуға жол беріп жүргенін мәлімдеді.
Полицияға арыз берілгені туралы ақпараттан кейін Бағдагүл жаңа видеолар жариялап, оларда тағы да Сәтжан мен Баян Алагөзоваға қатысты пікір білдірді. Емші оларды "тілге, менталитетке және дәстүрге қарсы" деп атады.
Сондай-ақ тәуіп Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға қатысты айтқан сөздері үшін ең көп дегенде айыппұл салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті