Ердоған кортежін тоқтатып, қазақстандықтармен суретке түсті (видео)
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті үшін Түркістанға келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кортежін тоқтатып, қала тұрғындарымен суретке түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерекше сәттің видеосын Түркістан облысының әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Саммитке бара жатқан Түркия президентінің кортежі күтпеген жерден жол жиегінде тұрған адамдар тобының қасына тоқтаған.
Адамдар Режеп Тайып Ердоған отырған көлікке қарай жүгіріп барған. Түркия президенті жергілікті тұрғындармен қысқаша сәлемдесіп, кейбірімен естелік суретке түскен.
Еске салсақ, бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Ердоған Қазақстанға османдық каллиграфтың қолынан шыққан Құран кітабын сыйға тартқаны туралы жазған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
