Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қант диабеті қайтадан әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына енгізілмек

Фото: Magnific.com

Қазақстанда қант диабетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізіміне қайта енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Әсел Қыдыралиеваның айтуынша, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде қант диабетімен есепте тұрғандар саны шамамен 550 мың адамға жеткен. Олардың 96%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.

Сондай-ақ Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 325 бала екінші типті қант диабетімен, ал шамамен 6,5 мың бала бірінші типті қант диабетімен тіркеуде тұр.

"Министрлік 18 бен 21 жас аралығындағы азаматтарды және жүкті әйелдерді инсулин помпаларымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады. Бұл норма қосымша қаржы бөлуді қажет ететіндіктен, қазір мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Қант диабетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізіміне қайтару мәселесі де қаралуда, алайда әзірге ол бұйрық жобасына енгізілген жоқ", – деді Әсел Қыдыралиева ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, 2025 жылы қант диабеті әлеуметтік мәні бар аурулар тізімінен шығарылғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 15 Мамыр, 2026 17:56