"Жаңа ойын ба?": Астанада 13 жастағы жасөспірім көлікке қарай жүгірген (видео)

Желіде астаналық жасөспірімнің бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жүріп келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шыққан видеосы қызу талқыланып жатыр. Бала аман қалды, алайда ауыр жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 11 мамырда болған. Renault көлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргінші өткелінде бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамай, жолға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.
Оқиға салдарынан 13 жастағы жасөспірім дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
Жүргізушінің кінәлі-кінәсіз екені сот-автотехникалық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, сарапшылар көліктің жылдамдығын, тежелу жолын және жүргізушінің тоқтауға мүмкіндігі болған-болмағанын анықтайды.
Астана полициясы ата-аналарды балаларға жол ережесін күн сайын ескертіп, бақылауды күшейтуге шақырды. Ведомство жол бөлігі ойын ойнайтын орын емес екенін, ал жолды белгіленбеген жерден немесе қызыл жарықта кесіп өту қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін Telegram-арналарда оқиға орнынан түсірілген бейне тараған болатын. Куәгерлердіңайтуынша, бір топ бала қозғалып келе жатқан көліктердің алдында қызыл шамға қарамай жолды кесіп өткен.Осыған дейін Ресейде де "Беги или умри" —жасөспірімдер арасында тараған қауіпті челлендж туралы желіде айтылды. Ондада балалар көліктің алдынан жүгіріп өтіп, батылдығын дәлелдеуге тырысады. Кейін оны видеоға түсіріп, TikTok не Telegram-ға салады.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Оқыңыз