Жұмыстан босатылған қазақстандық мектеп директоры сот арқылы қызметіне қайта келді

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мектеп директорының жұмыстан босатылуына қатысты еңбек дауын қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, жұмыс беруші оны еңбек міндеттерін қайталап орындамағаны үшін қызметінен босатқан. Алайда сот жұмыстан шығару кезінде заң талаптары сақталмағанын анықтады.
Жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етпеген. Сондай-ақ түсініктеме беру тәртібі мен мерзімдері де сақталмаған.
ОқыңызБұдан бөлек, жұмыстан босатуға негіз болған жағдайлар тәртіптік жазалар қолданылғанға дейін орын алған. Сондықтан сот тәртіптік теріс қылықтың қайталану белгісі болмаған деген қорытындыға келді.
Осыған байланысты жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылды. Мектеп директоры бұрынғы қызметіне қайта орналастырылып, оған мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық зиян өндірілді.
Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті