Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалтамда 30 теңгем ғана қалған": Ғаділбек Жанай өнердегі қиын кезеңдерін еске алды

Белгілі әнші, хит әндердің орындаушысы Ғаділбек Жанай алғаш сахнаға шыққан қиын кездерін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Егіз-лебіз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі ұлттық арнадағы муызкалық жобада бақ сынап жүр. 

“Алматы қаласындағы Абай көшесінің бойымен келе жатырмын. Қалтамда 30 теңге ғана қалған. Сол түсіп қалмасын деп алақаныма қысып келемін. Екі бәтеңкем де жыртылып қалған. Ішінен шұлығым көрінеді. Баратын жер жоқ. Бәрін тастап ауылға кеткің келеді, бірақ өнерді қимайсың. Талай бір кесе шай алып, асханаларда таңға дейін отырған кездер болды”, – деп еске алады әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі, тығырыққа тіреліп, басына қиын іс түскенде көмектескен жандардың есімін атады. 

“Ақтауда қалған Шаттық деген досым Алматыда Алмат деген құда баласының тұратынын айтты. Ол жігіт те біздің жаққа келіп жүргенде көретінмін. “Соның үйіне барсаң, кіргізеді” деді. Мен бұрын-соңды танысып-біліспеген адамға хабарласуға ұялып тұрмын. Не істеймін деп ойланып отырсам, ойымдағы адам алдымда келе жатыр. Мені бірден танып, үйіне алып кетті. Орыстілді жігіт еді. Осындай қиын сәттерді ұмытуға болмайды. Қазіргі жастар сәл қиындыққа тап болса, сынып кетуге дайын. Әр қиындықтың артында үлкен қуаныш бар. Қиындыққа берілмеңдер!”, – кеңес айтты өнер иесі. 

 

Талқылау