Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалған өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын”: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталғандарға қатысты айтты

Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Қазір "Алтын адам көрмесі" мен "Дипломат" қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда.

Айыпталушылардың қатарында экс-министрден бөлек, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бар. Олар бұған дейін "Алтын адамның" әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған-ды.

Үкімі шығып қойған істің қазір "Дипломат" қонақүйіне қатысты іспен неге біріктірілгені барлығына беймәлім. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сондай-ақ бүгін осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

"Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне "Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер" деп айтыңдар деген. Барлығы "ондай болған жоқ" деп. Оларда намыс бар. "Айтпасаңдар, отырғызамыз" деді”, – дейді айыпталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салсақ, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша, өткен айдың аяғында оған "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің қылмысы туралы сотта түсініктеме бергенімен, Мұхамедиұлының өзі "жала жауып отыр" деген сөзінен танар емес.

Талқылау