Қалай келгені есінде емес: БҚО тас жолында үсіп қалған келіншек табылды
Батыс Қазақстан облысындағы Саратов тас жолында аязда қалған әйел табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел тас жолға қалай келгенін білмейді. Келіншекті күзет фирмасының қызметкерлері тауып алып, жергілікті полиция бөліміне жеткізді.
"Олар Саратов тас жолымен келе жатып, жолдан әйелді көрді. Олар жолдың бойында жатқан келіншекті үйсіз біреу екен деп ойлаған. Тіпті біреу соққыға жығып кеткен шығар деген де нұсқалар болған. Бірақ келіншектің мас екені анықталды. Ол тоқтамай жылап, күзетшілерді қорқытқан", - дейді полиция басқармасындағылар.
Келіншектің қолында ұялы телефоны болған. Тәртіп сақшылары әйелдің отбасы - күйеуі және екі баласы бар екенін анықтады. Ол арыз жазудан бас тартты, артынша оны туыстары алып кетті.
Келіншек мейрамханаға барғаны ғана есінде екенін айтты. Тас жолға қалай келгені оның есінде жоқ.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар