«Қалаулымның» атышулы жұбы айырылысып тынды (видео)
«Қалаулым» жобасындағы ең танымал жұптардың бірі Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанованың қарым-қатынасына нүкте қойылды. Ислам жобадан тапқан сүйіктісінің көзіне шөп салып, түнгі клубта басқа қызбен көңіл көтерген. Аталған жайттың видеосы желіде тарап кеткен еді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұған дейін көпшілік видеодағы жігітті Әли Оқаповқа ұқсатып жатты. Себебі Әли мен Исламның сырт келбетінде ұқсастық бар. Шындық ашылған соң, көпшілік Исламның әрекетін Шынарға жеткізуге асыққан. Меджанова желі арқылы ғашығымен ат-құйрығын үзіскенін мәлімдеді.
«Достар, соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты айтып кетсем, мүлдем мазам жоқ. Минут сайын көптеген видеолар келіп жатыр. Ұялы телефоныма да маза жоқ. Мүлдем білмейтін адамдар хабарласып, жазып жатыр. Оған қоса, туған-туыстарым да уайымдап жатыр. Ағам ұрсып: «Бұдан кейін «Қалаулымға» барушы болма деді. Суреттердің бәрі өшіп, соның бәрі ауыр тиіп жатыр. Қалай болса да, бәрін бастаған жерде тоқтату керек деп ойлаймын», – деп түсіндірді Шынар.
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матай: «Қалаулым» жабылмайды
Әли Оқапов желіде шу болған видеоға қатысты жауап берді
Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты
Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды