Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулым” жабылсын: Қоғам белсенділері шоуды жабу үшін қол жинауға кірісті

Жаппай сынға ұшыраған “Қалаулым” бағдарламасы жабылсын! Дәл осылай деп бас көтерген қоғам белсенділері шоуды жабу үшін әлеуметтік желіде қол жинауға кірісті. Бастаманы танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қолға алған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Қалаулым” жабылсын дегендер осы бейнежазбаға репост жасап, хэштегпен #Қалаулымбағдарламасыжабылсын деп жазыңыздар осы менің постымның астына. Светлана Жалмағамбетова секілді ұлтқа жаны ашымайтын экс-депутаттар телевидение саласында отырғанында, біздің намысымыз осылай таптала бермек! Жол бермейік “Қалаулым” секілді бағдарламаның әрі қарай эфирден шығуына!” – деп бөлісті журналист Facebook-тегі парақшасында.

Желідегілер журналистпен келісетіндерін жазып, жазбаны жарыса бөлісіп жатыр. Олар халықтың басым көпшілігі қарсы болғанымен, шоудың жалғасып жатқанына таңдануда.

“Тіреуі мықты бағдарлама болды ғой. Осы “Қалаулым” жақсы деп айтқан бірде бір адамды көрмеппін. Барша жұрт қарсы болса да, әлі тоқтаған жоқ”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек еліміздегі беделді оқу орнын жемқор деп айыптады

Ақбота Керімбекова ер жетіп қалған ұлдарын көрсетіп, жұртты сүйсіндірді

Қайрат Нұртас төрт баласымен бірге концерт қойғалы жатыр

Гүлзира Айдарбекова: Қыз бала жағдайыңның бәрін жасап, жан-жақты қамтамасыз етеді

Талқылау
Пікір
Жако
18 Қар, 23 жыл - 13:20

Қалаулым және қосылайық жабылсын