AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалаулымдық Диана: Мен Ерасылды жақсы көрген жоқпын, жай ғана бауыр бастым

Қалаулымдық Диана Ерболатованың бүгінде желіде өз оқырманы бар. Телеэкран арқылы танылған блогер желіде белсенді. Өзі ғана емес, соңынан ерген інілерінен де “желі жұлдызын” жасамақ. Бойжеткен отбасы, махаббат тақырыбында ашық баяндады. 

Бұл туралы HIT TV арнасына берген сұхбатында айтты. 

“Менің дәл қазір басым бос. Жігітім жоқ. Егер жақсы ер адам жолығып жатса, тұрмыс құруға дайынмын. Алланың маған бұйырған қайырлы адамы бар шығар. Менімен кездескен жігіттердің бағы ашылып, үйленіп кетеді”, – деп күлді. 

Диана бағдарлама арқылы Олжас, Ерасыл есімді кейіпкерлермен кездескені белгілі. Алайда олар Дианамен емес, өзге қыздармен бас қосты. 

“Ерасыл үйленгенде бәрі маған жазды. “Жүрегің ауырды ма?” деп сұрады. Менде ондай болған жоқ. Мен тек бауыр басқанмын. Бұл екеуі екі түрлі жағдай. Бақыт тіледім. Басқаға бас ауыртқан жоқпын”, – дейді ол. 

Бойжеткен ауылда зәулім үй тұрғызып жатқанын алға тартты. 

“Ауылда үй тұрғызып жатырмыз. Анамның жанында інім бар. Басқа інілерімді желіде таныстырып жатырмын. Олар да желіде өз парақшасын жүргікбек. Одан бөлек, кино саласында бақ сынағым келеді. Басты рөл болмаса да, жанама рөлдерге түстім. Жақында көрерменге жол тартады”, – деді ол. 

Диана кино саласында бірнеше ұсыныстардан бас тартқан. Алайда көңіліне ұнаған рөлдер болса, киноға уақыт бөлуге дайын.


Қалаулымдық Диана: 12 жасымда әкем қатерлі дерттен көз жұмды, мен сол сәтте есейіп кеттім

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр