Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаланы басқан қою тұман Қарағанды тұрғындарының үрейін туғызуда

Қарағандыдағы қою тұман елдің үрейін туғызуда. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайдың өмірге қаупі бар екендігін айтып отыр. Сарапшылардың айтуынша, биыл қаладағы ауа қабатының ластануы 5-7 есеге өскендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Не түтін екенін білмедім. Басында тұман деп ойладым, ауа райына байланысты дұрыс көрінбейді", - деді қала тұрғындарының бірі. 

Әлеуметтік желі қолданушылары сырттағы жағымсыз иіске шағымданса, ал оқушылар болса сабақтан босатуды сұраған. Олардың уайымы бекер емес, себебі қара тұман Қарағанды қаласында бұрын-соңды көп тұрмайтын көрінеді. Экологтар шынымен ауаның ластануы жоғарылағандығын растаған. Алайда мамандар бұл тұман кезінде болатын қалыпты жағдай екендігін түсіндірді. Яғни,  тұман ауадағы автокөлік, зауыт-фабрика мен басқа да зиянды қалдықтардың жерге сіңіуне бөгет болуда екен. Дегенмен тұманның бұл кезде пайда болуы аймақтың үйреншікті ауа райына жат құбылыс көрінеді. Сарапшылар мәселенің әлемдік климаттың өзгеруіне тікелей байланысты деп айтып отыр. Соңғы 17 жылдың ауа райы салыстырмалы түрде рекордты көрсеткіштерге жетіпті.  Ал келесі жылы тұман мен смогдың көлемі одан сайын арта түседі екен. 

"Ауа таза емес, демалуға қорқасын. Үйде есік-терезелерді қымтап отырамыз. Далаға шықпауға тырысамыз", - деді тағы бір қала тұрғыны. 

"Әрине, мәселенің салдарынан бірден өліп кетпейсің, дегенмен лас ауа қабаты адамның өмір жасын қысқартатыны белгілі. Яғни, бұл жағдай денсаулыққа зиян екені белгілі, бірақ сол үшін шу шығарудың қажеті жоқ", - деді сарапшы Дмитрий Калмыков. 

 

 

 

Талқылау