"Қаладағы жағдай күрделі": Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды
Фото: t.me/Minenergokz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Энергетика министрі Алматыдағы жылу орталықтарын газға көшіру жөніндегі жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді. Министр ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарын аралап шықты.
“Алматы қаласында экологиялық жағдай күрделі. Жылу электр стансаларын газға көшіру – мемлекет басшысының тапсырмасы және халық алдындағы міндетіміз. Бұл мәселеде қателесуге жол жоқ”, – деді энергетика министрі мердігерлерге арнаған сөзінде.
Министрлік мәлімтінше, ЖЭО-2 нысанын аралау барысында оң нәтиже байқалған. Алайда ЖЭО-3 нысанындағы жұмыстардың кестеден кеш жүргізіліп жатқаны анықталды.
“ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды министр қатаң сынға алды. Министр жобаның бекітілген кестеден кеш жүргізіліп жатқандығын алға тартып, бас мердігер ұйымның жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмағанын атап өтті”, – делінген министрлік хабарламасында.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы энергетика министрлігінің тұрақты бақылауына алынып, жауапты тұлғалар апталық есеп беруге міндеттелді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы жылу электр орталықтарының қашан газға көшетіні белгілі болғаны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады