Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қала суға кетіп жатыр, шенеуніктер көлік қарап жүр": Атырауда әкімдік қызметкерінің автосалонда жүргені түсірілген видео тарады

Желіде Атырау әкімдігі қызметкерінің автосалонда көлік қарап жүргені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видео авторы азаматтар су тасқынымен күресіп жатқанда мемлекеттік қызметкердің автосалонда жүргенін айтып, наразылығын білдірді. 

"Қала су астында қалды, барлығы жұмыс істеп жатыр. Бұл – әкімдіктің көлігі. Автосалонда не істеп жүр? Көлік қарап жүр", – дейді видео авторы.

Әкімдік қызметкері видео авторына "тек қарап жүрмін" және "жұмыстамын" деп жауап береді. Атырау әкімдігі видеоға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Видеода Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, әкімдіктің көліктерін жөндеуге тапсырыс беруге барған", – делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау