Рамзан Қадыров ауруы туралы қауесеттерге жауап берді (видео)
Шешен басшысы Рамзан Қадыров өзінің ауруына қатысты қауесетті жоққа шығарды. Ол Telegram-арнасында Орталық клиникалық ауруханада емделіп жатқан ағасы Магомед Қадыровқа барғанын көрсететін видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Қадыровтың айтуынша, ол Мәскеуге жұмыс сапарымен барған кезінде Орталық клиникалық ауруханаға да соғып кеткен.
"Денсаулығыма қатысты қауесеттерге түсініктеме берейін. Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, мен аман-саумын, тіпті ауру болсам да неліктен әбігерге түсуім керек? Енді оқырмандар да қай БАҚ және қай адамдардың өтірік ақпарат беретінін біліп жүретін болды", – деп жазды Қадыров.
Айта кетейік, бұған дейін Кремль хатшысы Дмитрий Песков Шешенстан басшысының ауруханаға жатқызылуы туралы ақпаратқа осылай жауап бергені туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар