Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қадағаланса, одан артық баспана жоқ": Мамандар елдегі хостелдердің жұмысына баға берді

Хостелдегі өрттен алматылықтар көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан хостелдерді жабуды талап етуде. Ақсай шағын ауданында жертөледе орналасқан үш хостел бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Rosretail.com

Алматыда тұрғындар жертөледегі хостелдерді екі жылдан бері жаптыра алмай жүр

“Бұл хостелдер қалай жекеменшікке өтіп кеткені белгісіз. Ешкім бұл жайында ешқандай ақпарат берген жоқ. Қазір №18 үйде тұрамын. Айналамда үш хостел бар. Кешке таман балалаларымды далаға шығара алмаймын, себебі онда неше түрлі адам тұрады. Жағдайын білесіздер, бұл жерде терезе жоқ. Егер өрт болса, жертөледегі хостелдің кесірінен бір үй бірден кетейін деп тұр. Жылу, су құбырлары, электр жүйесі үйдің астымен жүреді”, – деді тұрғын Айнагүл Серғазинова.

Жертөледе орналасқан хостелдер тұрғындарға қай жағынан да қауіпті. Ақсайдағы хостелдердің бірінде де былтыр өрт болып, тұрғындарды әбден әбігерге салған екен.

Сарапшылар хостелдерді мүлдем жауып тастауға болмайды дейді. 2017 жылы хостелдер бойынша заң қабылданған. Бірақ, мамандардың айтуынша, арзан қонақ үйге қатысты ережені кәсіпкерлер көбіне сақтамайды. Тексеруі тиіс органдар бұған көз жұма қарайды. Ал қадағалауды күшейтсе, хостелден артық баспана жоқ деп отыр.

“Хостел – ең қолжетімді баспана. Бірақ оны ашқан кезде стандарттарға сай ма, жоқ па, оны қарап жатқандар аз. Мәселен үйлердің жертөлесіне хостел орналастыруға болмайды және бір кереуетке төрт метр болуы керек. Оның желдеткіші, терезесі мен қосымша шығатын есігі болуы шарт. Бізде ғимарат жалдап, оған екі қабатты кереует қойса болды, хостел болып шығады деп ойлайды. Сондықтан хостелдердің иелері бетімен кетпес үшін тексеріп тұру керек”, – деді хостелдер бойынша сарапшы Шәкір Исламбакиев.

Еске салсақ, Алматыда өрт болып, салдарынан 13 адам қаза тапты.

Талқылау