"Қабырғалар көгеріп, құлап тұр": Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар үйлерінің сапасына шағымданды
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов оңтүстіктен қоныс аударушыларға арналған үйлердің сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Біз тұрғын үйдің сапасының нашарлығы туралы бірнеше рет естідік. Шағымданып жатқандардың қатары көп. Ішкі әрлеу және жөндеу жұмыстары дұрыс жасалмағаны туралы да айтылып жатыр”, – дейді Шапкенов.
Ол бұл мәселені шешу үшін еңбек министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп іс-шаралар жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Министр кепілдік мерзімі шеңберінде құрылыс кезінде жіберілген барлық кемшіліктерді түзетілетінін айтты.
- Тоқаев солтүстікке қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақыны екі есе ұлғайтуды тапсырды
- "Дәретхананың жанында түнейміз": Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған қазақстандықтар үйлердің сапасыз екенін айтуда
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады