Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәретхананың жанында түнейміз": Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған қазақстандықтар үйлердің сапасыз екенін айтуда

Оңтүстіктен солтүстікке "Еңбек" бағдарламасымен көшіп келгендер қыс келмей жатып тоңып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, берілген су жаңа үйлердің сапасы жоқ. Мәселенің бар екенін әкімдіктегілер де мойындайды. Жұмыс іздеп келген бұқара, бейнет кешіп жатқандарын айтып арнамызға шығамданды. 

Алмас Өтеген отбасымен бірге Түркістаннан теріскейге осыдан үш ай бұрын қоныс аударыпты. Еңбек бағдарламасы аясында грант алып, кәсібін дөңгелетуді көздеген. Жас отбасыға Астраханка ауылындағы жаңа үйден баспана бұйырған. Ай сайын небәрі 5 жарым мың теңгенің шамасында төлеп жүр. Алайда қара суық келгелі берекесі қашты. Пешті үздіксіз жақпаса, жылыну мүмкін емес дейді.  

"Пеш жаққан кезінде 10 градустан әрі көтеріледі. Бірақ өшсе болды, бірден суып кетеді. Утепленка жоқ. Ішінде, сыртында, төбеде де, астында да. Бізді алып келіп, қойып қойды. Біз енді еңбек етеміз бе, әлде осы тамды саламыз ба? Міне қараңыздар балам іште жатыр туалеттің қасында. Алмастың көршісі Нұрлан Ибраимовтың да жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Ол былтыр көшіп келген. Содан бері қылауы түспеген баспананың жыртығын жамап келе жатқанын жеткізді", - дейді Астраханка ауылының тұрғыны Алмас Өтеген.

"Көмір кеше бес шелек түнгі екіге дейін жақтым. Мұндай жағыспен үйдің іші монша болу керек. Жылудың бәрі ауаға кетіп жатыр. 12 куб ағаш алдым, бес тонна көмірге расчет жасадым. Бірақ бұл жағыспен жарты қысқа жете алмаймын мен", - дейді тағы бір тұрғын Нұрлан Ибраимов.

Қоныстанушылар берілген үйлер сапасыз салынған деп отыр. Тіпті үйінді астында қалып қаламыз ба деп те қауіптенеді. Жалпы, Аққайың ауданында былтыр 32 үй салынды. Жергілікті билік биыл олардың онында кемшіліктер шыққанын растады.

"Тұрғындардың су және кәріз жүйелеріне қатысты мәселелері туындады. Оларды шештік. Жаңа пеш орнаттық. Бұл үйлерге мердігер әлі де жауапты. Ертең құрылысшылар келіп, жағдайды бағалайды. Егер тағы олқылықтар табылса, оларды міндетті түрде жояды", - дейді СҚО Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Самат Сәрсенбаев. 

Оңтүстіктен қоныстанғандар жергілікті шенеуніктердің берген уәдені орындауын күтуден басқа амал жоқ. Алайда нәтиже шықпаса, кері қайтуға бекініп отыр.

Айта кету керек, аймақтағы "Еңбек" бағдарламасының мақсаты - жұмыссыздардың санын азайту. Жоба 2011 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы болып іске қосылды. Былтыр атауы өзгерді. Бағдарлама аясында Аққайың ауданына 52 отбасы көшіп келсе, биыл қоныс аударғандар саны екі есеге азайған. 
 

Талқылау